Свет аке

Алдыңғы аптада қырғыз дос қызыммен киноға бардық. Осында бір Артхаус бар. Кішкентай ғана зал. Фильм басталар алдында бір кісі сақынаға шығып Қырғызстан жөнінде, режисер жайлы қысқа мәлімет беріп, көрермендерге сәттілік тілеп, фильмді қосты.

Свет аке Ақтан Арым Кубаттың фильмі. Ойда орналасқан қырғыз ауылының табиғатының сұлулығын және қарапайым тұрғындардың мінездерін шебер сипаттаған.

Басты рөлде «Свет аке» атанған электрик кісі. Оның рөлін Ақтан Қубат өзі ойнайды. Ауылдағы тұрғындардың светін не басқа электрлі бұйымдарын жөндеп, ақысын төлеуге шамасы келмеген кісілердің, яғни бүт айылдаштардың  «учетчігін» теріс айналдырып береді. Свет аке өте қарапайым және мейірбан тұлға, әділетсіздікті көргенде қол қусырып қарап отырмаған батыл адам. Көзі ашық, болашақта желмен энергия өндіруді арман етеді, тіпті үйінің жанында өз қолынан жасаған желдеткіш құрылғысы да дайын.

Фукушима оқиғасынан кейін, немістер бұл фильмді пропагандаға балады. Яғни альтернатив энергия көзіне көшуге насихат ретінде көруде.
Менің ойымша бұл фильмнің тобықтай түйіні алтернатив энергия көзіне көшуді насихаттау емес.
Фильмдегі оқиғалар бейтаныс көрініс емес, бұл ауылдағы шынайы өмір, тек қырғыз бауырларда ғана болып тұратын жәйт емес. Қазіргі таңдағы ауылдың келеңсіз жағдайын, еш бояусыз жеткізе білген фильм.
Фильмді оригиналда, қырғыз тілінде көрдік. Субтитр неміс тілінде болды. Фильм біраз фестивальдардың жүлдегері.
Сіздерге де көруді кеңес етем.

Би билеуге қалайсыз?

«Ритмдi ұста!» Антонио Бандераспен 😀

Алдыңғы аптада осы фильмдi қарап, тангоға қатысуды, яғни танго үйренудi шештiм. Фильмнiң осы эпизодын ютюбтен сан қайталап көруден жалықпаймын. Сiздермен де бөлсейiн дедiм. Биге қатысу үшiн партнер керек екен, ендi қайдан iздеп таптым!? 😉 Осында неше түрлi би үйірмелерi бар. Көптеген егде ерлi-зайыптылар биге белсендi қатысып, хоббилер санатына қосып жүредi. Бiзде осындай үйірмелер бар ма? Жоқ әлде «бидi үйрену де өнер боп па?!» деген ұстаным қалыптасан ба?