Свет аке

Алдыңғы аптада қырғыз дос қызыммен киноға бардық. Осында бір Артхаус бар. Кішкентай ғана зал. Фильм басталар алдында бір кісі сақынаға шығып Қырғызстан жөнінде, режисер жайлы қысқа мәлімет беріп, көрермендерге сәттілік тілеп, фильмді қосты.

Свет аке Ақтан Арым Кубаттың фильмі. Ойда орналасқан қырғыз ауылының табиғатының сұлулығын және қарапайым тұрғындардың мінездерін шебер сипаттаған.

Басты рөлде “Свет аке” атанған электрик кісі. Оның рөлін Ақтан Қубат өзі ойнайды. Ауылдағы тұрғындардың светін не басқа электрлі бұйымдарын жөндеп, ақысын төлеуге шамасы келмеген кісілердің, яғни бүт айылдаштардың  “учетчігін” теріс айналдырып береді. Свет аке өте қарапайым және мейірбан тұлға, әділетсіздікті көргенде қол қусырып қарап отырмаған батыл адам. Көзі ашық, болашақта желмен энергия өндіруді арман етеді, тіпті үйінің жанында өз қолынан жасаған желдеткіш құрылғысы да дайын.

Фукушима оқиғасынан кейін, немістер бұл фильмді пропагандаға балады. Яғни альтернатив энергия көзіне көшуге насихат ретінде көруде.
Менің ойымша бұл фильмнің тобықтай түйіні алтернатив энергия көзіне көшуді насихаттау емес.
Фильмдегі оқиғалар бейтаныс көрініс емес, бұл ауылдағы шынайы өмір, тек қырғыз бауырларда ғана болып тұратын жәйт емес. Қазіргі таңдағы ауылдың келеңсіз жағдайын, еш бояусыз жеткізе білген фильм.
Фильмді оригиналда, қырғыз тілінде көрдік. Субтитр неміс тілінде болды. Фильм біраз фестивальдардың жүлдегері.
Сіздерге де көруді кеңес етем.

One Response

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.