Өзгерістер

Кеше кітапханада тоғыз сағат отырдым. Жарты сағат сайын студенттер хабарлама айтып мазаны алды. Сондағысы университетке талап қояды: электр қуатымен қамтамасыз етуші мекемені ауыстыру, яғни ядролық электр станциясынан, желмен не басқа табиғи әдіспен өндірілген энергия көзіне көшуді талап етуде.  Студенттерден дауыс жинап, оларды да үйлерін басқа энергиямен қамтамасыз етуіне кеңес беріп, ауыстыру жолын көрсетіп жатыр.
Германияның бұл өңірінде желмен, өндірілген электр станциясы көп. Мүмкін ауыстыратын да шығар. Сол Фукушимадағы апаттан кейін бұл бітпейтін дау-дамай. Саясатта, сайлауға таман әрбір партия: “Бізді сайласаңыздар, атомдық электр станцияларының жұмысын тоқтатамыз!” деген уәде беріп әлек. Теледидарды қоссаң кешке дейін осы тақырып..
Университеттерді әу бастан альтернативті энергиямен қамтамасыз етілген деп ойлаушы едім. Қанша дегенмен осы университет қабырғасында альтернативті табиғи жолмен: я ол жел болсын, күн болсын, энергия өңдірілу жолдары дамытылады ғой.
Ұйқыдан енді оянғандай..

Ал бізде ше? Қазақстанда саясатшылар осы тақырыптың шет жағасында әңгіме шертеді ме?

Бір неміс достым айтушы еді, Қазақстанда күн көзі шіркін жыл бойы жарқырап тұрады, неге соляр-энергиясына көшпейсіңдер деп, құлазыған далада, таулы-сулы, жел де жетерлік деп.
Мен айтам, қайдағы, бізде ауылда кейде кешке свет өшіп қалады.. Әсіресе қыста кешкіқұрым, елдің бәрі үйді жылытудың қамымен әр-түрлі электрлі жабдықтарды қосқан уақытта, жарық көзі әлсіреп, үйдің іші ала-бұлыңғырланып тұрады.

Студенттер ондай мәселемен миын қатырмайтын да сияқты..

6 жауап

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.