Қыздар қауымына арналған тақырыптар..

Соңғы уақытта бюти-джанки болдым. Қыздарға арналған бір орысша сайтқа мәлімет іздеп кіргем, содан әлі шыға алмай жүрмін :)
Ол жерде неше-түрлі тақырыпта жазбалар бар. Қайсы бірін оқып тауыса алмайсың. Қыз болған соң, әрине сұлулық, косметика, көз-бояу мен шаш бояу туралы маңызды мәселелер қызықтырады. Қазақ блогсферасында, жалпы қазақ тілді интернетте бұл тақырыпқа арналған сайт аз. Қазақ қыздарын бұл тақырып көп қызықтырмайтын сияқты. Қыздар әлемі блогына кейде кіріп тұрамын. Соңғы айдар “Майларға” арналған екен.
Менің ойымша бізде ондай заттарды қыздар қауымы аз қолданады. Осы күніге дейін бізде денесіне лоушн, не май жаққан қыз көрмеппін.
Ал Германияда дене күтіміне арналған косметикаға көп көңіл бөлінеді. Әрине косметика азық-түлік дүкенінде де сатылады, бірақ бұған арнайы дүкендерді қаланың әр-бұрышынан табасыз. Қазақстанда мұндай арнайы дүкен көрмедім. Бұл дүкендер ағылшынша Drugstore не Chemist деп аталады.
Бір кірсең, шығу қиын, ішіндегі заттар көздің жауын алады, бәрі керек дүниедей көрінеді.
Мысалы кейбір супермаркеттерден де ол заттарды табуға болады. Бұл арнайы дүкендердің  бір айырмашылығы: бұл жерде барлық маркалар жиылған, және де әр дүкен өз өнімдерін сатады. Сапасы жоғары және арзан. Әр адам өзіне керегін табады: Нәрестелерге арналған кремдер мен майлар, әтір-иіссулары, косметиканың неше түрі, рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектер және үй шарушылығына арналған неше-түрлі заттар.

Әр аптада белгілі бір заттар арзандау сатылады. Керекті заттарымды 10-30% арзандаy сатып алу мүмкіндігі болады. Сол ниетпен кіріп, керексіз заттарды арқалап шығасың. Арзан екен деп, керек емес затты ала бересің, үйде сөреде жинала береді. Жақында Қыздар әлемі блогына кіріп майлар туралы оқып, есіме майларым түсті :) Біразы жиналып қалыпты. Сол блогты оқымасам, есіме түспес еді, сөреде пайдаланбай ескіріп жататын еді. Енді қайта қолдануды бастадым. Рахмет!

Бұл менің жинаған қазынам: бадамгүл майы (миндаль), жабайы раушан майы, анар-авокадо, лаванда, шырғанақ және қайың майы. Душгельдер де жасмин, ваниль май-қосындыларымен.
Майдың неше түрі бар. Денеге арналған майды душтан кейін, құрғатылмай тұрып денеге жағу керек. Ал бетке жағатын болсаңыз: майды кішкене жылытқан жөн. Моншада жаққан одан да күшті! Теріні жұмсартады, неше түрлі химиялық косметикадан кейін теріңіз дем алады.  Кейбірі шаш күтіміне де жақсы. Соны көп құнттамаймын. Бұрындары шалқан майын жағып тұратынмын.

Қазір декоративті косметикаға көп көңіл бөле бастадым. Боянудың да қыр-сыры көп екен, оны кім біліпті..
Келесіде ол салада оқып-тоқығаныммен бөлісем ;)

10 жауап

  1. Лоушн қыз көрмедім дегенің рас па? – білмеймін, меніңше, керісінше болуы керек. Бұрын әдемілік, тазалық құралдары аз болған шығар, қазір құдайға шүкір, қалтаңа қарай дүкендерден неше түрін алуға болады. Оның үстіне, душ гельдер лосьондарымен қосылып сатылады. иісіне, дизайны мен сапасына қарай қалағаныңды ал да жақ. негізгі проблема бар, ол қызығып ала береміз де, қолдануға уақыт таба алмаймыз. Қазір менде Мери кейдің қоңыр гелі мен соған сай лосьоны, иісі жақсы,нымен қоса ПАЛМОЛИВ – Шие гүлі де қазіргі маусымға жақсы үйлесім беретін сияқты. ал майларға келер болсақ, менде тек Деклеордың иланг иланг майы, саунаға кірерде немесе шыққан соң бетке жақса теріні нәзіктендіріп, ерекше демалыс, рахат сыйлайды, иісі де ұнамды. Ой, айта берсе көп қой, брақ менде шаш күтіміне арналғандары көптеу екен:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.