Ай лав KZ

KZ – бұл қысқарту біз үшін күнделікті қолданатын акроним ғой. Ауызша да жазбаша да жиі қолданылады. Ғаламторда аттарына немесе лақап аттарына қосып қолданатындар да аз емес. Солардың бірі менмін. Әсіресе онлайн ойын ойнағанда қолданатынмын. Көбіне маған қарсылар көбейіп кетеді, бәрі қосылып жабыла кетеді. Еш арам ой жоқ, алғашында бұл жәйтті түсінбей қайран қалатынмын. Бір-екеуі мені балағаттаған да кезі болды. Наци деді.

Мен әлі де ештеңені түсінбедім. :shock: Бір күні біреуі менен неге лақапатыма KZ-ті жалғап алғанымды тіке сұрады. Анығын айттым. Ол күлді, өзінің менің лақап атымды көріп, бірден іші жаман болғанын айтты.

KZ- ол үшінші рейхтің концентрациялық лагерінің немісше қысқартуы. (Konzentrationslager)   :(   Мені неонаци деп ойласа керек. Ал мен концентрациялық лагеpдiң KZ деген қысқартуын оқымаппын да, мән бермеппін де… :(   Әлгі ойыншы тікелей мән-жәйді сұрамаса мен де бейжай ол да бейжай жүретін еді. Әр нәрсенің себебі бар. Түсінуге тырыспасаң, қызығушылық болмаса, іріткінің себебін мүмкін ешқашан түсінбей өтерсің…

Осындай қызықтар болып тұрады. Лақап атым өзгерді.

9 Antworten

  1. KS dep alynyz olai bolsa:) Kasachstan.

  2. Ескертіп қойғаның жақсы болды, ескере жүретін боламын.

  3. Мән бермеу керек сияқты, не болмаса айтып түсіндіру керек оларға.

  4. неонаци,Konzentrationslager,рейхтің концентрациялық ,деген сөздерді түсінбедім менде counter strike ойынын ойнаған кезде Akbuken_kz деген атпен кіремін кейде ойыннан жеңіп кеткенде мақтаныш сезім пайда болады ішіме …УОУ БІР Қазақ жеңді akbuken_kz жеңді УРААА

  5. Сөзбісің деген, енді ұлттың атын өзгертуім қалып еді.

  6. Сенің елің – KZ, Менің де елім – KZ
    Мемлекетті құрметтеп, қол соқ қане, тездет! :) ))

  7. Сергей Гольцвард деген бырат 1995 жылы көшуге кетіп еді Германияға. Бірақ әбдан орыстанып кеткен бауыр арақты сілтеп, Мюнхен айырпортынан түсерде, өзінше немістерге құрмет көрсетпек болып, тура траптан:
    - Хейль Гитлер! – депті.
    Сол күні төтенше жағдайлар айдарының басты жаңалығы болыпты, менің Гольцвард амигом…

  8. жабыла кетсе, жөйіттер ғой, немістер ондай емес имхо.

  9. [...] Авторы: Ақбөкен – мына жерде [...]

Eine Antwort schreiben