
Бір феминистік көзқарасты әріптесім бар. Жасы қырықтың белшесінде, баласыз, жалғызбасты әйелзаты. Немістерге еш жат емес жағдай. Бір жолы менен сұрайды:
– Сымбат, сенің ана-тіліңде гендерлік проблемалар бар ма?
– Hмм… неғып?
– Жо, жәй, менің жыным ұстайды, біздің зайырлы мемлекетіміз Германияда, әлі күніге дейін кейбір гендерлік теңсіздіктің ескіліктері қалып қойған…
– Ә?
Мысалы неміс тілінде er/sie/es бар. (орыстардың он/она/оносы, немесе ағылш. һе/shе/it) Бұрындары барлық сөздер еркекше болған. Кейін феминистер қауымы, өз құқығын талап етіп, әйтеуір заң бойынша, қағаз бетінде ерлер мен әйелдерді грамматикалық дұрыс формада қолдануына қол жеткізген. Мысалы: Сатушыны бұрындары ер болсын, әйел жынысты болсын, Kaufmann деп атаған. Қазір осыған қосып Kauffrau деп жазуға мәжбүр. Ер мұғалім- Lehrer, мұғалима: Lehrerin. Әлгі әріптесім сұрайды: Сен студентпін дегенді қалай айтасың деп.. Мен шынында да еркекше формасын қолданады екемін…
Яғни Student. Ал қыз студент өзін Studentin деп атау керек. Диплом, тағы басқа мамани жазба жұмыстарда, қай форманы неліктен қолданатыныңды алдын ала атап өтуiң ләзім. Мысалы: „Бұл жұмыста мен феминин мен маскулин формасын қатар қолданамын“ немесе „Oқырманға ыңғайлы болу үшін тек маскулин формасын қолдандым“ дегендей түсініктеме беріп өту керек. Екеуін қатар қолдануды қазақша былай елестетіңіз: „Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері мен мұғалималары…“ Яғни тілде де гендерлік теңдік болу керек дейді.
Менің бірден айтқан жауабым: қазақ тілінде er/sie/es жоқ, бәрі es, яғни it, оно!!!
– Бізде бәрі тепе-тең ғой, бәрі бірдей…
– Аа, онда сенің ана-тіліңде гендерлік теңсіздіктің жоқ болғаны ғой деді әріптесім. Тіл деген қоғамның айнасы. Қоғамның қандай екенін тілінен ақ байқауға болады, яғни әйелдердің өзін Studentin деп атаудың орнына Student деп атауы, ол қоғамды еркектер басқаратынын айқындап тұр.
– Эһһ вуманистер…. Бопты онда, ендігәрі өзімді Studentin деп атауды жадымда ұстайын…
Үйге келе жатып ойланып келем… Әй осы ылғи еститінім: Төраға деген сөз, пәленше партияның төрағасы, түгенше одағының төрағасы.. Сонда әйелзатын қалай атайды? Төрапа? Төрәпке? Төрапасы несі, құлаққа қызық естіледі, торапай сияқты
Төрәпке, һмм, жамбылски вариант қой әпке деген… Жоқ әлде бізде де теңсіздік белең алып отырғаны ма? Бұл қалай сонда? Ә? Өтірік мақтанғаным ба? Үйге келе салып гуглдeтып жібердім, уһһһ, зәрем қалмап еді, шүкір, арнайы, әп-әдемі атауы бар екен ғой! Төрайым!!! Қандай жағымды естіледі: Төрайым
Ой тоқтаңдар, тағы бір атау бар ғой: аға хатшысы, аға оқытушы, аға лейтенант, аға лаборанты, аға көмекшісі т.с. Оларды қайттік? Жоқ бұл сөздің де әйелдерге арнайы нұсқасы бар ма?
Аһһ, басқамызды жетістіріп алайықшы..
Тілімізді жетік біліп, енді қалғаны гендерлік теңдікке үйрету қалыпты ғой…
Abgelegt unter : Германия
ТНТ-да бес әйел бір еркекті ортаға алып тергеп отыр екен, „Клуб бывших жен“ деген прога, содан қашып келсем, мында да гендер жүр ғой
)))
Негізі, кітаптарды ұмытпасам, бұрынғы Кеңес заманында шыққан әдеби кітаптардың басым бөлігінде мұғалім, мұғалима деп жазылатын сияқты еді.
Дұрыс, бөлейік екіге, әр сөз артына жұрнақ қосып шығайық. Екі жынысқа да жатыңқырамайтындарға оло-ны береміз.
Бұл мәселе менің алдымнан жиі шығатын. Пікір алған адамдарымды газетке таныстырғанда қалай таныстыратынымды ойлаймын ғой. Төраға, төрайым оңай. Ал әлгінде лауазымдар келгенде: жауапты маман, жетекші қызметкер, (лейтенаттар әлі кезіккен жоқ), жетекші оқытушы деген баламасын қолданатынмын. Кейбір оқу орындарында „аға оқытушы“ деген тіркес қолданыла береді. Көпшілігі бұның астарынан гендерлік мәселені іздемейді. Себебі қазақ тілінің мамандары „аға“ сөзі лауазыммен тіркесіп келсе, басқа сипатты танытатынын түсінсе керек. Мейірбикенің „мейірағасын“ (медсестра, медбрат) естігенде құлағыма түрпідей қадалғаны бар.
Бір қызық анек есіме түсіп тұр. Киевте болғанда украин досымнан мешіттің қайда екенін сұраған едім. Ол ешқашан Киев мешітінде болмағанын, менімен бірге барғысы келетінін айтты. Бірге бардық. Мешіт ішінде бәрі бірімен „брат, сестра“ деп сөйлескенін көріп, аузын ашып қалған.
Жауапты маман, жетекші қызметкер, жетекші оқытушы деген балама жақсы альтернатива екен! Сіз де әнек қосып қоятын болғансыз ба?!
Сонда сестрасына қарағанда, қыздар да мешітке барғаны ғой? Мейіраға *жерді тоқпақтап күліп жатқан күлегеш*
Иә, Киевтің мешітінде татар қыздар көп. Құран, араб тілі дәрістеріне барып жүрген.
Бір досым, „мейіраға“ мамандығы бойынша колледжді бітіріп шыққан. Содан білемін. Бір күні емханада мейіраға алдыңыздан атып шықса, смайликтерден жаңылысып қалмаңыз дегенім ғо. Айко аман болсын! Анектің атасы сол кісіде.
Айтпақшы, тағы бір анек есімі түсіп кетті. Лондоннан келген әріптесіммен Бозой (Ақтөбе, Шалқар) ауылында болған едік. Қай үйге кірсек те, әйелдер шай құйып беруі заңдылық қой. Соны көріп қалған Джули: „Неге әйелдер шай құя береді? Бұл үйдің еркектері қайда?“ деп сұрағаны бар. Менің „Шайды келін құяды. Бұл – мәртебелі қызмет. Екінің бірінің жүрегі дауалап, кім көрінгенге шай құя бермейді“ деген түсіндірмем оған ұнамай қалған.
Arap tilinde bul sozder jalpi ashyktap/ajyratyp jazilady. TIldin ereksheligi goi…
Sheteldikter ushin de osy jagy kiyn, äsirese Artikel jagy. Ulttarga katysty da jalgaulary är türli.
Keide DAAD-dan xat kelgende Studenten und Studentinnen dep keledi. Nege sonyn bärin Studenten dep jazbaidy eken dep oilanamyn.
аға оқутышы дегенге үйреніп қалғанбыз университетте, мейірағалары енді күлкілі))) дегенмен де, бізде гендерлік теңсіздік бар, бірақ оны әзір қозғамаған жөн, басқа проблема жоқтай))
Аңсар Studenten Studentтің көпше түрі ал Studentinнің көпше түрі Studentinnen.
Бұл – мәртебелі қызмет.
хи*хи*хи. қызық жазба екен. Воский!!!
бір жақты формалы тілдер ұнайд, жаттауға тез дегендей….
Неміс тілін жеп көретінмін, себебі, орыс тілден айырмашылығы аз сияқт.
Сымбат жан, сіз көп қылып жазып тұрңзЧ ә
Менталитетімізге байланысты, біздегі әйелдер осындай проблемаларға үлкен маңыздылықпен қарамайтын сияқты.
Bas auyrtudyn ozi artyk..
hmm qyzyq eken:)
Біздің қазақ тіліне жат нәрселер. Кезінде „азамат“ деп жігітті, „азаматша“ деп қызды айтуға үйретіп еді. Нағыз тілді қорлау деп түсінемін.
Қазақ тілі Европа тілдері секілді адамдарды жынысқа бөлмейді. Барлығына тең қарайды.