
Мектепте алуды қандай тәсілмен үйрендіңіздер? Өз тәжірибеңізбен бөлісе отырсаңыздар. Көңіл бөлгендеріңізге алдын ала рахмет! Мысалы: сегіз жүз үштен төрт жүз алпыс сегізді алайық. Оқушыға қалай түсіндірер едіңіз? Мен өз тәсілімді айттым. Бірақ Германияда сәл басқаша екен.
803
– 468
______
335
Abgelegt unter : Германия, Жәй ғана...
I. Birinshi jol:
1. 3-8 =5, 10nan birdi karyzdap 9 kalady
2. Kalgan 9-6 =3, birdi karyzdap 8den 7 kalady
3. 7-4 = 3
Basynan sonyna dein 335
Bizde solai goi…
II. Ekinshi jol:
Kalkulator koldana salu:)
Үштен бесті қалай аласың, қайдағы он десе қайтесің?
Алдымен бауға барып, сегіз жүз үш дана теріп әкеп….
Алдымен бауға барып, сегіз жүз үш дана алма теріп әкеп….
„Балалар! 803-тен 468-ді алу үшін не істейміз? қосудағыдай сандарды бірінің астына бірін жазамыз. Алу амалы бірліктерден басталады. Мысалы, 3-тен 8-ді алу мүмкін емес, сондықтан 3 жанындағы ондыққа барады: ондықтың беретін түгі жоқ 8-ге қарыз сұрап барады. Көрші болған соң амал который 1 дана береді. Ондық қарызбен 10-га толады да, өзі 9 болып 3-ті 13-ке толтырады. Енді 13 болған 3-тен 8-ді алу оңай. 5 деп бірліктер қатарына жазып қоямыз. Келесі ондықтар. 0-іміз 10 болды, 3-ке қарыз беріп өзі 9 болып қалды. 9-дан 6-ны аламыз, бес деп ондықтар қатарына жазамыз. 8-міз 7 болды, 7-ден 4-ті алсақ 3 қалады. Жауабы 335″
Жазуын жазып алып, өшіріп тастауға дайындалып – қимадым(еңбектеніп жаздым ғой, қате болсын/дұрыс болсын)…
Ең қиыны, нөлдің неге он болып кететінін түсіндіру сияқты… 1 сыныпқа барғаныма 2011 жылы 20 жыл болады екен, ужас…
Біз қарызға алғышпыз ғой
Германияда қолданатын тәсіл былай екен:
Сегізден он үшке дейін қанша сан керек? Яғни бес. Бірақ ол неге он үш екені ауадан келгендей. Үш кішкентай болған соң онды ойша „ауадан алып“ қоса салады. Келесі қадам тіптен қызық!!! Алдыңғы онүштің бірін, кішкентай қылып алтының астына қояды. Ол екеуін қосады. Яки жеті болады. Әлгі нөлге де онды қоса салады, тойыст он деп елестету керек. Енді оннан жетіні аласыз. Үш қалады. Сол онның алдыңғы бірін төрттің астына қояды, екеуін қосады… Нәтижесі бес. Сегізден бесті алады, үш қалады. Нәкәнес тә нәтижесі: 335!!!
Менің ойымша кішкентай балалар үшін түсініксіздеу және күрделілеу амал екен… Біздің тәсілді бірден түсінді.
Түсіндіру мықты жүйке жүйесін қажет етеді ғой негізі… Менің нервым шыдамайды түсіндіруге, особенно математика
Иә, Балдырғанның тәсілімен үйретті бізге де. Солай жеңіл тәрізді.
-Ей, әжеңң! Мен саған 803 теңге қарыз едім ғой? Ақша жоқ, мә, әзірге 468 теңгесін ала тұр! Енді қанша бересі боламын сонда саған, есепшотттсссс?
- Ағай, 335 теңге, ертеңнен қалдырмаңызшы… мұғалімссс!!!
оның бәрін санап шығып, сосын төрт жүз алпыс сегізін санап, оны сол үйіндіден алып тастап…
Яғни былай: бірлер алты мен төрттің астына жазылады.
803
468
11
______
335
… одан соң қалған алмаларды санап шығып…
Карл Гаусс осы елде туды деп кім айтады, вейерштрассс!!!
Сатыбалды, Карл Гауссқа джыним келеді, оның әлгі қоңырауға ұқсас теориясы бар ғой. (нормальное распределение), соның формуласы емтиханда сұралған.
Не ғой, жоғарыдағы бірді жалпы сандардың астына бажырайтып жазбайды, үйрету барысында жазады, кейінірек ойдағы бір деп есептейді..
…. шыққан санды қорытынды нәтиже,яғни амалдың шешімі деп аламыз…
оның әлгі қоңырауға ұқсас теориясы бар ғой.
Мұғалім класта шеге беруші ме еді, әжесстің?
Сатыбалды, Дәруішөлгеннің өз ғалымдары бар ғой ә..
Негізі қазақша аударған сықайым ғой… 
Немісшесі: Гаусстың қоңырауы (колокол) боп аударылады: (Gaußsche Glockenkurve) нанбасаңыз гуглдатып көріңіз!
… бағанағы алынып тасталған алмалардың қабығын аршып, компот қып қайнатып, банкіге жабамыз. Оны қыста ашамыз…
Symbat, siz mektepte kandai jolmen esepteitin ediniz?
Biz mektepte sol nemiswe jolmen shygargan edik.
Мдя, сендердің осы жаздайтындарың жоқ, ана Нұрғиса мен Сатыбалды деген ваще өлтірді адамды..:))
Кейде жазбаға қарағанда, жазбаға жазылған пікірлер қызықтау болады!
көбейтудің қызықты әдісі
http://kiwi.kz/watch/9diwbrcd0r7x
бізге алуды емес, беруді үйретіпті
алу мен көбейтуге енді қалыптасып келем