
Мен бала кезімде папам оқуын сырттай оқитын. Сессиясынан келген сайын, әңімесін мамаммен бөлісіп отыратын. Әлгі пәленше облыстың жігіті бұл жолы оқуынан құлап қалды деген сөзді жиі еститінмін. Мен ол кезде мектепке де бармайтынмын, құлап қалды деген сайын: қалада көп қабатты үйлер көп, содан төмен құлап қалған ғой шамасы деп елестететінмін.. Неге құлап қалды екен? Құлағаннан кейін не істеді, доғдырға барды ма? деп сұрауға батпайтынмын. Қазір ойласам күлкім келеді. Кейінірек үлкен нағашы ағаларым оқуға түскеннен кейін, бұл сөзтіркестің нені білдіретінінiң анығын түсінгендей болдым. Сөйтсем студенттер емтиханнан өтпеген жәйтті айтады екен ғой.
Қазір, жалпы өзім студент болғалы, бұл сөз біздің сөз қорымыздан ғайып болғандай. Себептерi оқу орнының ақылы болып, ЖОО студенттердің төлейтін қаражатына тәуелді болуынан да болар. Oқуға ақшасын уақытылы төлеген студентті кім құлатсын? Мүмкін оқытушылардың жалақысының аздығынан, пара алып, емтиханнан өткізіп жіберу үрдісінін кеңінен орын алып отырғандығынан да болар.. Әйтеуір „құлап қалды“ дегенді естімейтін болдым. Тек: төлемақысын уақытылы төлемегендіктен оқудан шығарып жіберіпті деп жатады. Бұл сөздің жоғалуы қазіргі таңда білімнің құнсыз, ақшаға сатылатынын айқындай түскендей. Әрине шын ниетімен, ұнатқан мамандығын оқып жатқандар баршылық. Бұрындары да пара, таныс деген жат нәрсе болмаған. Бірақ сапасы мен санында айырмашылық болатын.
Жақында үйге телефон шалдым.
- Мама дос қызым оқуынан құлап қалды.
Мамама да бұл сөз ізсіз ұмытылғандай..
- Қалайша құлап қалды? Құлап қалғаны несі?
- Бесінші семестрге дейін әп-әдемі оқып келе жатқан, бір емтиханды тапсыра алмай құлады.
- Ойбүй обал-ай, оны енді „бірдеңеғып вастанавит“ етсе болмай ма?
- Болмайды, бір жол құладың ба, бұл пәнді Германия бойынша оқуға құқығың жоқ!
- Ой сұмдық-ай а…
Иә, дос қызым жақында оқуынан, яғни емтиханнан құлады… Есіме баяғы папамның сөздері түсті. Үш рет тапсыруға мүмкіндік бар, үшінші рет тапсыра алмасаң, университетпен қоштасуға мәжбүрсің.
Плагият деген біреудің рухани байлығын ұрлау „қылмысы“ бар емес пе. Сол қылмыс үшін былтыр университетімізде бір студент жазаланған. Дипломы түкке жарамас боп қалды… Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген осы..
Abgelegt unter : Германия, Менi толғандыратын мәселелер
Бізде анық плагиатты басшылыққа алса және осыған дейін қорғалған дипломдық тезистерді тізер болса… жоғарғы қабаттан төмен ылдилайтындар отряды сәт сайын молая түсер ме екен… Құрысын, пожарниктерді шақырып қоя салу керек. Бәлесінен аулақ… Анау, керіп қоятын жаймасы бар ғой… Сонысын нетсін… Бәле ғой…
иә, білім сапасы деген осыдан басталады. бізде „құлап қалды“ дегенді шынымен де айтпайды, „отчисленияға кетті“ дегенді естімесең, оның өзі „восстанавить етуге“ тағы болады…
Қазіргі тіл орталығындағы жүйе де қызық. Ешбір мұғалім аузына „құлап қалды“ деген жағымсыз реңкті сөзді алмайды. „Repeat“ (ағыл. қайталау) деген әдемі сөз бар. Тапсыра алмаса, қайталайды. Оқудан шығарып жіберсе, ақшадан қағылады ғой. Еркелетуге тағы болмайды. Содан қайталағың келмесе, жақсы оқуың керексің.
Бір ұпайы жетпей құлап қалатындар болатын. Соларды аятынмын. Байғұстардың, бабы емес, бағы жанбады-ау деп.
Pипиит болғанда, бізде де 2 жолы қайталауға, сонымен жалпы үш рет тапсыруға рұқсат бар ғой. Одан аспайды..
Емтиханға бүгінгі дайындықтай мән беріп, зейін қойып дайындалмаппын…
Бүгін емтихан болды. Бізде емтихан әрдайым жазбаша. 18 сұрақ болды. Нәтижесі қандай болғанын кім білсін, жауабын бір ай шамасынан кейін білемін. Осы дос қызым „құлағалы“ бері қорқып қалдым
1-курста 28 адам болған топ 5-курсқа 8-і ғана жетті. 3-курста 1 пәннен емтиханға „жолдама“ ала алмай 20 адам „кетті“. Оның бірі академ алса, бірі „сырттайға“ ауысты(менің тобым емес). Емтихан емес, соған жету қиын болатын…
Біз топта 13 қыз болдық бірінші курста. (бұрынғы оқуда) Топтың аты да Н-13 болатын. 8-і кетті, аяқтаған жоқ. Бірақ көбісі қаражат мәселесіне байланысты немесе жеке бастарындағы мәселеге байланысты оқуын тастады. Бізде де „бюджетниктер“ болатын. Олар үшін қиын болатын. Профессорлар тіптен ашық айтатын: сендер мемлекеттің ақшасына оқып жатсыңдар, миларыңда да бірдеңе болу керек деп, сұрақтарды жаудыратын…
біздің топтан 5 адам кеткен әйтеуір
алғашқы екеуі бірінші курстан соң ақ кеткен, екеуі де ақыға оқитын, одан әрі бәрібір жалғастыра алмай ды еп шешілген
одан кейін әртүрлі болды біреуі сол ақшасын төлей алмағаннан тағы бірі грантта оқитын ұшіп кеткен әйтеуір сабаққа келмей құтырып…
басқасын қайдам КазҰНУ біздің факультет білім жағынан қатал болатын қазір де солай деп естимін бірақ бәрібір студенттердің сапасы нашарлар кетті орташа есппен алған деп қазір мұғалім болып жүрген достарым қынжылады, біз олардай болғанда болғанмен де көбірек білетінбіз деп
) Москвада 5 курс окитын 3 бала кулап калды окудан! АХД деген сабактан (математика сиякты ма сондай) зачет ала алмай … обал ((
сиздин макаланыздын басын окып отырганда менин де есиме тускени, сол кишкентай кезимизде „автомат“ алдым дейтинди еститин едим.. ) немесе, онын „танкиси“ мыкты деп… ойлай бериниз сол кезде оку орнын калай елестетинимди)