Ерікті көмекшілер

Жалғасы

Жақында Германиядағы шетелдіктерге арналған, университет проектісі жөнінде жазған болатынмын. Бағдарлама 9-10 жас аралығындағы оқушыларға арналған, яғни 3-4 сыныптағы балақайлар. 5 – сыныпта Германияның білім жүйесі бойынша, оқушыларды „сүзбеден“ өткізіп үш-төрт түрлі мектептерге бөледі. Зеректері гимназияға, орташалары реалмектебіне, қанағаттандырарлықтары хауптшуле, қанағаттандырарлық деген бағаға жетпегендері тағы бір арнайы мектепке жіберілдеі. Германия гимназияларында шетелдіктер, яғни басымы түрік, орыс, Югославия елдерінен және т.б. әлемнің әр бұрышынан келген басқа ұлт өкілдері, яғни басқа ұлтты оқушылар өте сирек. Олардың басымы „2-сорт“ мектептерде. Бұл балалардың осы мектептерге жолдама алуы, IQ-і төмен болғандықтан емес, көбінесе тілдері немісшеге толық жаттықпағанның салдарынан. Оқушылар гимназиядан абитур жасаса, университетке түсуге мүмкіндік бар, болмаса бұл мүмкіндік барлық гимназия түлектеріне барабар емес. Әрине барлық мектеп түлектері оқуын жақсы бітірсе, абитурғa басқа жолмен де жетуге мүмкіншіліктер бар. Мысалы кешкі оқу бөлімі, коллег т.б. шаралар жеткілікті. Бірақ бұл оңай жолмен келе қалмайды. Әлгі гимназиядан басқа мектептерді бітірген оқушылар ылғи да қалаған мамандық иесі бола алмайды. Бұл жүйені түсіндіру мен үшін қиындау болып отыр. Өйткені мектептен кейін университет деп үйреніп қалған біз үшін, мұндағы жүйе бейтаныс. Абитур біздегідей емес, өте қиын, әркім абитур жасау үшін белгілі бір бағаға қол жеткізуі тиіс, тек содан кейін барып абитур жасауға рұқсат бар. Абитур жасамағандар жұмысқа орналасады, ол жұмыспен қатар мектепке барады. Мысалы: сатушы, медбике, механик, шаштараз сияқты көптеген мамандар. Қысқа сөзбен айтқанда, Германиядағы шетелдіктердің университетке түсуі бір ғанибет.Осы себептерден, мигранттардың балаларына көмек ретінде, мемлекет тарабынан ақша бөлінеді. Осыған біздің университет те ат салысып жатыр.

Алдыңғы жолы жазып өткендей, өз еркімен ақысыз көмек беруге даяр жұрт көп. Бұл жобаны естіп мен де қатыспақшы болғам. Анкетаға өзім туралы және қалағанымды (мыс.:қыз не ұл, түрік немесе орыс) жазғам. Түрік тілін үйрену мақсатымен, түрік тілде сөйлейтін балақаймен жұмыс істегім келетінін білдіргем.
Кеше ұзақ күткен кездесу болып өтті! Бір бастауыш мектепке жиналдық. Жалпы екі бастауыш мектеп ұсынылған. Екеуі де өң мигранттар тұратын „геттода“ орналасқан. Балақайларды қобалжып күтіп отырған кісілер әр саладан келген. Орналасқан жерінің жақын-алшақтығына байланысты, бұл бастауыш мектепті бізден 7 кісі қалапты. Екінші мектепті 14 кісі таңдапты.

Олар:

Mен-студент,

Малис-зейнеткер бастуыш мектеп мұғалімі

Борис- орта жастағы кәсіпкер, зайыбы бар, балалары жоқ

Катарина- университетте социолог маманы, жас қыз

Сузан- ирандық әйел, бұрын мұғалима болған, қазір тілді жетік білмегендіктен мамандығын игере алмайды, өз балалары ересек

Ян- жас жігіт, оқуын жаңа біткен

Кристина – студент

Барлығының жауапкершілігіне бір-бірден „өкіл бала/қыз“ беріледі. Сағат кешкі бес шамасы, ешкім келмеді, біз тыпыршып отырмыз..
Бір уақытта балалар мамаларымен, іні-сіңлілерімен кіріп келді.  Мен, Айше деген түрік қызына қарайласатынымнан алдын-ала хабардар болдым. Келген балалар: сомалиялық қарақ-торы: Ибраһим-Мұстафа, тағы бір Ибраһим-Әли және қарындасы Иссир деген қарақыз :) , вьетнамдық Лоң Ву, сербиялық Әмір, түркиелік Мелике, ирандық Жоан.
Байқасам Айше жоқ арасында! Оған не болды, неге келмеді!? Танысу уақытында әркім өз жұбын табу керек болды. Мелек менің жұбым болып шықты :) Мен аңырап отырмын, Айше қайда деп, сөйтсем Меликенің екі аты бар екен, толық аты Айше-Мелике :) Айше деген атты ұнайтпайм дейді. Екеуіміз көп әңгімелестік. Неміс-тіліндегі бүкіл артикелдерді қолданбай, көп қатемен сөйлейтінін байқадым. Алдымызда тіл үйрену мақсаты тұр :)
Ашық қыз, бірақ ұялшақ :) үйдегі барлық әңгімені бүкпей айтып берді. :D   Барлық балалар мамаларымен, папаларымен келді, тек Мелек қана жалғыз.  Мүмкін келесі аптада кездесіп, үй жұмысына көңіл бөліп, тіл үйренетін болармыз. Мамам немісше сөйлемейді дейді. Үй жұмысы немісше ғой, түсінбесең кім көмектеседі десем, ешкім, өзім дейді..

Ел тараған соң, ерікті көмекшілер алғашқы әсерімен бөлістік :) Барлығына өз балдырғаны ұнағандай, барлығы көңілді! Координаторымыз, әркімнің өзіне сай жұбын тауып бергендей. Мысалы ер жігіттерге ұлдарды, қыздарға қыздарды, жалпы отбасылық жағдайын да ескергедей. Ерікті көмекшілер айына бір-екі рет бас қосып, болып жатқан өзгерістер, жалпы болғанды баяндап, мәлімет алмасады. Кейде балалардың басын қосып музей, қуыршақ театрына бармақпыз :) Осындай шараларға айына 10 € ақшалай бөлінеді, аз да болса, көп нәрсеге жарамы бар. Мысалы жүзуге, яғни бассейнге баруға, кино-театр, т.б экскурсияларға жетеді.
Бүгін кешке Мелектің мамасына телефон соғам :) Түрікше-немісше аралас „бірдеңеғып“ түсінісерміз! :D

Пы.Сы: Жақында телефон шырылдайды: Сымбат, Тенерифеге барасың ба? Ұшақты брондау керек дейді.
УРА! ТЕНЕРИФЕ! Әрине барамын :lol:

15 Antworten

  1. Айшаға бізден үлкен сәлем айтарсың!!!
    Жазбаңа өте ұнады. Немістердің ойлап тапқан жүйесіне әлі де таңқалып отырмын.
    Малайзияда да білім жүйесі басқаша екен. Советтік білім жүйесі мүлдем басқаша болғанын енді ғана шынайы бағамдаудамын. Әйтпесе бұрын бәрімізді оқитынымыз бір пән. Айырмасы тек идеологияда теп түсінетінмін.

  2. Cымбат, Айша-Мелек талапты қыз сияқты. Үй тапсырмасын өзі дайындап жүргеніне қарағанда. Екеуің де мақсаттарыңа жетіңдер. Тілектеспін! :)

  3. [...] есімді блогшымыз Германиядағы білім беру жүйесі, еріктілер жұмысы жайлы жақсы жазба жазып еді. Қазақстанда де еріктілер қозғалысы [...]

  4. Асхат, Баян рахмет! Ол қыздың мектептегі үлгерімі нашарлау, гимназияға жетпесе де, хауптшуле не реалшулеге жететіндей дәрежеге көтерілсе деген үміт. Уақыт көрсетер! Бұл проект өкінішке орай тек жарты жылға жоспарланған! :D

  5. жазбаларыңызға қарасам, сіз жақсы мұғалимасыз :)

  6. Жоқ Әлия, мен мұғалима болған емеспін, болмаймын да… Бірақ мұғалімдер жанұясынанмын :oops:

  7. бірақ балалармен жұмыс істегеніңізге қарағанда… тіл үйретсеңіз, сабақ жағынан көмектессеңіз ресми емес, бірақ мұалім :)

  8. Мен балалармен жұмыс істемеймін, қазір осы қызға ғана неміс тілін үйретуге ат салысамын.. Әркім өз білгенін басқамен бөліссе *күшті* болар еді.. Оған мұғалім болу міндет емес. Ерікші көмекшілердің арасында мұғалім маманы аз. Көбісі басқа саладан келгендер, сонда да бар білгенімен бөліспекші!

  9. әрине күшті :) отбасыңызда мұғалімдер болса, тіпті қаныңызда педагогикаға қабілетіңіз бар болса …

  10. уау супер, осылай айтып отсаңыздарч, сіздер көріп*біліп алған соң сіздере шет ел өмірі қалыпты сияқты, ал біздерге жаңалық кәдімгідей. :)
    мына еріктілер арасынан бизнесмендер де бар деч, ужыс, бізді ағачкалар ерікті жұмыс істемек түгілі байса, саунадан шықпай қалад ғо :) , Бірақ саясаты мықт екен Германияның!!! Воский!
    Еуропа мен сені сүйем! саған қашан жете екем!!!

    мектеп оқкшыларын сорттап тастайтыны қызық екен :(

    Өрімтал советтік жүйеге өкпеңіз бар ма еді? әйтуір өзімнің өкпем жоқ :)

  11. Тенерифеге кім шақырды? :-) Соны түсінбей қалдым…
    Айшеге сәлем айтыңыз… Сабағын жақсы оқысын, бәріміз оны бақылап жүрміз деңіз :-)

  12. Айко, сен айтпақшы, әлгi кәсiпкер қатырды, семинар аяқталған соң ойымызды бiлдiрiп жатырмыз ғой, сонда айтады: мен сендермен шынымды айтсам ешқашан таныспаған болар едiм, бiрақ осы проектiң арқасында танысқаныма қуаныштымын деп..Тағы бiр егде кiсi болған, ол да солай, „салық саласынан“ келген кiсi болатын. Стөлде отырып қағазбен жұмыс iстеуге қарама-қарсы iс, яғни тепе-тендiктi сақтауға келдiм дейтiн..
    Бұл жүздеген проектiнiң бiрi ғана. Семинарда неше түрлi проектi жүргiзушiлерi келiп өз жұмыстарымен, жұмыс нәтижесiмен таныстырып өттi. Осығaн ұқсас: „үлкен әпке“, „үлкен аға“ деген проектер бар.
    Тағы „Рюкзак“ деген бағдарламанын мүшелерi келдi. Онда немiс тiлiн бiлмейтiн аналар қатысады, баланы қай тiлде, қалай тәрбиелеy маңыздылығын үйренедi, кездесiп балаларымен ойнайды т.б.

    Акзере Тенерифеге кім шақырғанын алдында жазып өткем, онда мүгедек кiсiлермен саяхаттаймын! Бұл жолы даун синдромды жастармен баратыным белгiлi болды.. :)

  13. Ма-ма… :-(

  14. Ма-ма??? Неге олай дедің?

  15. jaqsy goi bizde saiahat turma norm dalaag shygudyn ozi problem goi

Eine Antwort schreiben