Осы жазбаны Бремерхафендегі „Эмиграция мұражайынан“ оқығам:
Мінген көлігің жапондық
Киген киімің қытайлық
Жеген пиццаң италияндық
Ішкен кофең бразилиялық
Демократияң грециялық
Жазған жазуың кирилше
Қолданған сандар арабша.. деп кете береді екен. Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі жағдай осылай шығар…
Тізімге болашақта …қазақтікі/қазақша деген сөйлем қосылар ма екен!? Немесе қазіргі таңда, әлем игілігіне жаратқан алып-қосарымыз бар ма?
Abgelegt unter : Менi толғандыратын мәселелер
Бар дегенге сенбеймін, өз басым. Бірақ жаһанданудың жаман жақтарын ғана алып жатқанымыз анық. Әлемде талай оң өзгерістер болып жатса, біздің елде олар әлі күнге дейін жоқ
.
Ояну керек. Жеке бастың қамын ойламай, еліміздің болашағы үшін өмір сүру керек.
Қосылады деп ойлаймын
Жер қыртысынан тартқан мұнайың – қазақтыкі…