Бүгін мектепте 5-сынып оқушыларына интервью бердім ![]()
Бұл мектеп кәдімгі мектеп емес, „қиын-тәрбиелі“ балаларға арналған мектеп.
Мұғалімдерге обал, күнде ұрыс-керіс, тіптен төбелеске дейін барады.
Мектепте 1-5 сыныпқа дейінгі оқушылар. Кейбіреулерінің ата-анасы қылмыскер,
кейбір балалар психиатрияда емделіп те үлгерген… Басымы AD/HD – ADHD деген „дертке“ ұшырағандар.
Бұл мектептердің басты алғашқы мақсаты балаларға білім беруден бұрын, „қоғамға лайық етіп“тәрбиелеу.
Тәрбиелеу тәсілдері өз алдына бір үлкен тақырып…
5 сыныптың оқушылары Қазақстан туралы білгісі келіп ынталанғаны қуантты. Кеше екі парақ қағазға сұрақтарын тізіп маған ұсынды. Жалпы тақырып „Германиядағы шетелдіктер“ екен. Қазақстанды алған себебі, бұл жақтың оралмандарының басымы Қазақстаннан. Олардың тұрған жерін, туған жерін, өмірімен танысу мақсатымен өткізіліп жатса керек.
(мектепте мұғалімдерді „Сен“ деп атайды) Сұрақтары :
- Өзіңді қазақша таныстырып өт
- Сен „көшпенді“ болдың ба? – Жоқ
- Қазақстанда шетелдіктерге қалай қарайды? – кәдімгідей,
шетелдіктер салыстырмалы түрде алғанда жалпы аз. Ал орыстар шетелдік емес, олар өз елінде, оларға келімсектер деп қарап көрмеппін. - Үйлеріңде мал бар ма, бар болса қандай түрі? – бар: қой, ешкі, жылқы т.б.
- Жазық даланы (степь) қалай елестетсе болады?- Суреттер
- ҚЗның қай жерінде туып өстің? – Оңтүстік
- Қазақстанда өзіңді жақсы, еркін сезіндің бе?- Әрине
- Сен шетелдіксің бе жоқ оралмансың ба? – шетелдікпін
- Сен „бай“ қалада тұрдың ба жоқ „кедей“ қалада ма? Таза ма жоқ қоқысқа толы ма?- Бұл сұрақтың кезегі келмеді..
- Байқоңыр туралы не білесің? Ракетаның ұшқанын өз көзіңмен көрдің бе? Апат болып тұрады ма? Американдықтарды онда кіргізеді ме? – қайдам, ол жер орыстардікі әзірше…
- Неміс тілін қайдан білесің, қашан үйрендің?- бұрын мектептен бастап..
Сен тұратын жер жаңбырлы ма, суық па ыстық па?- қыста қақаған суық, жазда шөл даладай…
- ҚЗда бос уақытыңды қалай өткіздің?- достарыммен…
- ҚЗда қыздар, жалпы әйелдер қауымы орамал тағуға мәжбүр ме?- жоға…
- Терракт болды ма?- сақтасын…
- Германияда қалғың келеді ме жоқ қайтқың келеді ме?- кетем бұйырса!
- Қандай дінді ұстанасың?- мұсылман…
- Қазақстанда тіл еркіндігі, ой еркіндігі берілген бе?- но комментс..
- Қандай мейрамдарды тойлайсыңдар? – көп, себеп болса болды, тіпті валентин күнін де тойлаймыз!
- Германияда саған қиын болды ма? Неге?- інімді сағындым, балапаным ғой сол.
- Сені ҚЗда неміс дейді ме? – неміс емес екенімді бірден түсінсе керек, бұл сұрақ та қойылмады..
- Германияның қай жері ұнамайды, қай жері ұнайды?- айта берсем екі жағынан да көп…
- Қазақтардың әдеттегі жейтін тағамы не? – қонақ келсе бесбармақ, мәнті!Aйтпақшы қыста соғым
: Ойбай, неткен қатыгезсіңдер!!! - ҚЗда ылғи да бәрін де сатып алуға мүмкіндігі бар ма?- ой ол деген релатив… Мысалы Германиада жексенбі күні қалаған нәрсеңді сатып алам деп армандама… Ақшаң болса қалтаңда…
Бұл сынып бар сұрақты қойып үлгермеді, мені тағы да бір жол қонаққа шақырды
Abgelegt unter : Германия
Жақсы екен. Балалар жас болса да Байқоңырды біледі екен.
Кейбір ересектердің өздері Қазақстанды Ресейдің қоластында деп ойлайды
Ересектердің уақытында солай болған ғой. Ал қазіргі ұрпақ мектепте тақырып ретінде өтеді. Мысалы менен, бұрынғы Югославияға қай елдер кірді, атап өт десе маған кенеттен ықылық тиіп қалатын сияқты…
Білсе бірден Байқоңырды білер. Бір қазақ қыз былтыр неміске күйеуге шықты. Той тойлауға ҚЗға аттанбақшы болды. Сондағы күйеубаланың қуанып жүргені: Байқоңырда болып қайтатын болдым, алақай! Кетшівар дедім… Сөйтсем еш қалжыңсыз, бірақ барып құрқол қайтыпты. Ол жақта алдын ала, кемінде 1 ай бұрын арыз жазып, руқсат сұрау керек екен ғой. Бұл әңгімені де оқушыларға айтып бердім. Алда-жалда барып қалсаңдар кішкене ертерек қимылдаңдар деп кеңес бердім…
Шынымен, қызықты сұрақтар екен! Жауаптары да —тартымды. Менің жанымдағы қызметтестер де (шетелдіктер) „күнде қалай ет асып жейсіңдер“ деп таң қалады:). „Етсіз мүмкін емес. Ол — аксиома! деймін“.:)
сұрақтарды балалар өздері дайындады ма екен сонда?
сонда не Германияда жесенбі күндері дүкендер жұмыс істемей ма не??
Иә, өздерін қызықтырған сұрақтар. Сыныпта 5 оқушы.
Жексенбі күні дүкендер жабық, тек киоск немесе заправка ғана ашық. Ондағы бағалар ұшып тұр және де қалаған нәрсеңді таба бермейсің.
Көптеген шетелдіктердің Германияға барғандағы таң қалатыны осы жексенбі күнгі барлық дүкендердің жабық болуы екен.
Алғаш келгенде менде де сондай болған. Қаланы кезіп жүріп түріктердің дөнерін әрең тапқанмын
5-сынып оқушылары мынандай сұрақ қойған болса… мдааа… Талпыныстары жақсы екен. Реті келсе, мүмкін онлайын отырып, видеоконференция жасармыз. Скайп арқылы. Чур, сен аудармашы боласың
Меніңше сұрақтар қарапайым ақ. Бұл бір күндік тақырып емес, 1 айға дейін талқыланатын проект. Ал бұл проект аяқталуға аз қалды. Мен бір тестті бақылағам, онда бастауыш мектептегі балалардан қазіргі таңдағы саяси сұрақтарды қояды
Осыдан екі жыл бұрын бір жас жігіт Қазақстан туралы менен жақсы білетінін көрсеткен. Ол да мектеп қабырғасында Қазақстан туралы реферат жазған екен. Оны жазып қана қоймайды, оны қорғау керек. Бірақ oл 5ші сынып емес, жоғарғы сыныпта болса керек.
керемет, Сымбат жан , осылай герман өмірінен тілкелей репортаждан жазып тұрчаңыз керемет болуч ед. сұрақтары тартымды, біздің балдар да осындай деңгейде ме екен ынтересно…
Шет елдіктер байқоңырға ғашық деңізч
жексенбі дүкен істемейтінін білмеппін. Бізде наборот ғо, ауылды жерде базарға барып мәз болад