Кім кінәлі?

Бүгінгі Германияда болған қанды оқиғадан хабардар боларсыздар!? Бір оқушы, мектеп қабырғасында, сыныптастары мен үш мұғалімді атып тастаған.  Бүгін кешке дейін теледидардан көрсетіп жатқаны осы оқиға. Екі жыл бұрын да дәл осындай оқиға Германияның Емсдеттен қаласында болған.
Бүгін теледидарды қоссам, баяғы жартас, сол жартас, саясаткерлер бұл жәйтті „Контер страйктің“ кесірінен деген айып тағып жатыр екен. Жігіттердің көбісі осындай ойындарды ойнаған да болар. Қан төгіс, соғыс ойыны… Әлгі ойынды жақтаушылар әрине бәлені саясатқа, Германияның білім жүйесіне жауып жатыр. Оқушылар мектепті жамандаса, мұғалімдер білімге бөлінген қаражаттың жоғынан туындаған проблема деген ой білдіріп жатыр. Тағы біреулер ата-ананың тәрбиесінің бәсеңінен деседі…Ата-аналар, 18 жасқа толған-толмағанын тексермей пайданы көздеген сатушылар кінәлі дейді..

Негізі осындай „атыспақ ойындар“ АҚШ-та соғысқа қатысатын солдаттарға арналып дамытылған „ойын“ көрінеді… Бұл ойынды ойнамай тұрған сәтіндегі көңіл күйді, ойынды ойнағаннан кейінгі көңіл-күймен салыстырғанда, адамның „агрессиялық даярлығы“ (ұруға, өлтіруге деген дайындық) біраз пайыз көтеріледі екен. Көп ойындарды 16 жастан төмен жасөспірім сатып алуға тыйым салынған. Алматының көшелерінде компютерклуб дегендер бар ғой, ондағы ойнап жүрген кейбір балалар бастауыш мектепте оқиды… Әйтеуір бәрі аман болсын…

11 Antworten

  1. Amokläufer дейді. Ал оның қайдан қалай шығатынын іздеп әуре болған психологтар абдырап қалды.

  2. осының бәрінің әсері бар шығар деп ойлаймын
    бір ойынға жауып қоюға болмас

  3. білмеймін, менің достарымның көбісі КС ойнайды, оны ойнайтын қыздар да баршылық, қарапайым қазақтың қыздары. Сондықтан да, меніңше, мәселе тәрбиеде.

  4. Әлия, бұл жерде Контер Страйкты тек мысал деп қара. Өйткені дискуссия жалпы осындай ойындар жөнінде. КС бер жағы, одан да „қанды“ ойындар жеткілікті деседі ғой. Мысалы кейбір ойындарда, бейкүнә кісілерді өлтіргенің үшін балл жинайды екенсің. Ал ол тұтқындар өмірі үшін жалынады…(please don’t kill me) Яғни қаншалықты қаныпезерлік көрсетсең, соншалықты „мықтысың“!

  5. мүмкін солай да шығар, мен ондай ойындарға мүлдем қызықпаймын. Әрине, әлі жетілмеген баланың психологиясына ондай атыс-шабыстар қатты әсер етеді. Бірақ әке-шешесі баласының қызығатын нәрселеріне(ойын, кино, кітап, музыка сияқты) неге көңіл бөлмейді?…

  6. Немістер заң жағынан қатал ғой. Енді осы оқиғадан кейін КС немесе сол секілді ойындарға тиым салса екен (балалар үшін).

  7. Інімді осы ойынның құрсауынан әзер құтқарып алған едім. Бас-көз жоқ, кінәсіз жандардың мылжа-мылжасын шығарып, атқылап, машинамен оп-оңай қағып кеткенін көріп, төбе шашым тік тұрған. Қауіпті індет.
    Меніңше, ата-аналар балаларымен көбірек болып, олармен жиі араласып тұруы керек тәрізді.

  8. Иә дұрыс қой, ата-ана балаға уақыт бөлуі тиіс. Бірақ қазіргі электроника заманында барлық балалардың, туған күніне жаппай nintendo ds сыйға тарту әдетті іс. Және екі ата-ананың бірінде көп уақыт табыла бермейді немесе кейбір ата-ананың өзі де теледидар мен компютердің алдынан шықпайды.

  9. қанмен берледі дегім елед қанышарлік өмір. Себебі қанша жерден, үйретсенде(сөзге мән беріңіз) ондай болмайды, мысалы менің інім өзінен кішілерге қол көтере алмайды, қамыры ашып тұрад(жаны ашу мағынада), ал үлкендер екі бастан ұрып тастайтын садикте, мұны кішкентай денесін аямастан :( . Міне, қанша жерден қорғаныс тәсілін үйретсекте үйрене алмай*ақ қойды. Әкесі жақс адам ғо, тіптен үйде қырғын*соғыс мултик филимьдерді көре алмай жылайд, давай выключим деп. жүрегі нәзік ғо, оның заман тәрбиелемейді, хотя жаман жолға тәрибелегіс келсе де, жүрегі со күй нәзік болып қалмақ.

  10. Айко тек қанмен беріледі дегенді қоштай алмаймын. Әрине ген деген үлкен рөл ойнайды, бірақ бұл бір ғана фактор! Қазақ бұл жәйтті бір сөйлеммен-ақ түсінікті ете білген:«Жаманнан жақсы туар, теңі болмас, жақсыдан жаман туар, емі болмас»… Сенің ініңді сонда тәрбиешілер сабап тастаған ба? Ініңнің әкесі жақсы болған соң, жақсы тәрбие береді ғой. Балалар үлкендердің „айнасы“ дейді ғой, яғни ата-анадан көргенін істейді.

  11. )Сенің ініңді сонда тәрбиешілер сабап тастаған ба?(

    жоға құрсын :) „…“ қотя онсын жасрып талай айтқан сені қорқытад ма десек(тәрбишілер), давай өз проблемамды өзім шешем жігіттерский деп :( (бұл жағынан өте ақылды енді) ештеңе айтпастан жасырған, ол садиктен қазір кетіп жекеменшік оқу орталығына орналасты, ол жақтан кеткен соң ғана тура военный тайна сияқты(военный тайнаны 25 жыл сақтайд негізі :) ) сақтағанын айтып жүр, со кезде неге айтпадың десек ой со кезде мені тыңдап басқа жаққа ауыстыратындай болдыңдар ғо, маған садикте жаман деген сөзімді тыңдадыңдар ма дейд. :( көзіме жас келеді, енді 4 жастағы бала қандай өзгерген мнениясы, әкесі қазақ садигі баламызды өзгертіп жіберд деп, іші ашыйд прям. жамандағаным емес, кілең малдар со жерде жүрме деп қалдым :( Баланы зорлап орынңнан тұрып көрч деп қорқатад екен, қорыққанымнан бұтыма амалсыз сиіп қоятынмын дейтін. :( (( Біз сонша қуанып едік қазақ садигі біздің баланы алғанына. Қазір, құрсын бармайтын болайық деп отрқ, шын Жанымдағы аға айтып отр, қызы орыс садигіне барад екен. Прям қызым Садик деп сұранып тұрад деп :)

    Кімнен қорлық көрд десеңіз, үлкен балдардан ғо, үлкендегенде, денесі жағынан ато кейбірі жасты етін өзімен :( , бетінде шырам қалд, ішкі етіне өтіп кетіп тырнап алғандықтан :( көрмеген қорлығы қалмады. Құрсын қазір жанымыз тыныштанды, жылайтын күн санап қашан выходной болады екен деп :( , қазақ садигінде жүрген кезінде

    ПС: сізде тәрбие саласында сияқтсз, айта кетейін, біздегі қазақ садиктерінде дисиплина деген мүлде жоқ екен. (қотя өзім кезімде ауылды жер болса да керемет етін) Жоғары жақта жаман сөз айтып кеттім. Оныма ұялып тұрғаным жоқ, неге десеңіз, кеше ғана ауылдан келген 17-18 жастағы қыз балаларды алады тәрбиеші көмегіне, оларға баланың не керегі бар, өздері бала болып тұр. Неге олай десеңіз? себебі со айлық кінәлі баяғы. Ешкім 10 мың тенгелік айылыққа барғысы жоқ, сосын әлгіндей жағдайлар орын алады. Бір күні небір қазақша *ураган* сөздермен келд үйге. аузым бармайд айтуға. Содан біздің баланың тілі мүкісі бар, тәтті болып сөйлейді еркелеп, соған қызық көргенбе топаздар үйде қолданбайтын сөздер айтып келіп жүр :( . шешесі барып айтты кейін оларға. Онан кейін оны ұрмады емес ұрған шығар… сосын өзі де бір жүрген демократ, ойын жасрып қалмайд үйде еркін өскен бала ғо…

Eine Antwort schreiben