Біз қай елміз- біз бай елміз…

  • - Жыным кеп тұр! :evil:
  • -Жәй ма?
  • - Осы еуропалықтар бізді бір таудан түскен халық деп санайды..
  • - Неге олай дедің?
  • - Үйлеріңде ағып тұрған ауызсу бар ма деп сұрайды! Бізді инфрақұрылым дамымаған, тіптен қазақ үйде тұратындай көреді..  Олар Астана мен Алматыны көрген жоқ қой.. :roll:
  • – хмм.. сол ма шамданып жүргенің?
  • – Иә, сол. Бір дамымаған елден келгендей!
  • -  Оның несіне шамданасың? Біздің ауыл тұрмақ қаланың өзінде ауызсу үйде ақпайды, үйде тұрмақ есік алдында су құбыры жоқ. Тіпті Алматының өзінде солай емес пе?
  • -  Сонда да…
  • - :roll:    Көрші ауылда цистернамен су әкеліп тастайды, сол су бітсе арықтан ішсең де өзің біл, суды қайдан тапсаң одан тап! Ал кірді жаңбырдың суымен жуатынымызды қылымсып жасырмай-ақ қояйық! Кейбір су көзі жоқ ауылдарда, көлігі бар кісілер бизнес жасайды-мыс.. Яғни көлігімен суды әкеліп жергілікті жұртқа сатады-мыс. Ондай масқаралар да бар ғой!

_________________________________________________________

  • -  Ресей газ құбырын жауып тастамақшы, қазір біздің оңтүстік Еуропадағы елдеріміз үйлерін жылыта алмай,  суықта қалып қойыпты… Сіздерде газ-бензин деген су-тегін шығар ә?! Қазақстан мұнай-газға бай ғой шіркін!  Германия сол газ бен мұнайға тәуелді-ақ..  Сендерге рахат,  күні-түні газбен үй жылытсаң да… :-P
  • -   хмм, біз үйді газбен емес, күйелеш-күйелеш боп көмірмен жылытамыз ауылда, газ  құбыры болған емес. Қаладағы газ орталығына телефон соғып, бір балон газға тапсырыс береміз, олар қолдары тигенде әкеліп тастайды, солай… ;-)
  • – Мен сендерді газдың ортасында қалқып-шалқып отыр деп қалсам.. Елдеріңде адам саны сонша көп те емес қой…
  • –    :oops:

_________________________________________________________

  • -  Біздің Африка керемет, байтақ дала-бай дала, жері құнарлы, пайдалы қазбаға толы, бүкіл Еуропаны асырап отырған біздің Африка! Еуропа оның ширегіне жетпейді… Жұрты да дана…
  • - Жарығым мұнда не істеп жүрсің? Еліңнен неге қашып кеттің?
  • :oops:

___________________________________________________________

  • - Осы немістер дым нан пісіре алмайды
  • - Маған ішінде күнбағыстың дәні бар қара наны ұнайды, ондай бізде жоқ…
  • - Қыздарын айтсаңшы, түріне болайын..
  • - Маған орыстардан айырмашылығы жоқ… Шаштары сары, көздері көк..
  • - Қойшы біздің орыстың қыздарының тырнағына татымайды, киінген сықайын қарасаңшы..
  • - :roll:

14 Antworten

  1. Немістін қыздары сырт келбеті жағынан өте әдемі ғой. Нандары ұнамайды маған да.
    Негізі, адам жақсы жағдайда өмір сүруі үшін байлық аздық етеді. Бастысы, адамның құндылықтары (Оны біз бен Жапондарды мысалға ала отырып дәлелдеуге болады.). Қазір адамның бойындағы ресурстар өте жоғары бағаланады. Біз ең бай ел бола отырып, кедейліктің күйін кешідеміз. :( Қашан түзелер екенбіз :( ?

  2. Негізі, адам жақсы жағдайда өмір сүруі үшін байлық аздық етеді. *
    Мына қарама-қайшы пікіріңізді түсінбей отырмын! Сіз үшін жақсы жағдай не?

  3. Байлық дегенім тура мағынасында, яғни, еліміздегі қазба-байлықтарымыз делік осы мысалда. Бізде олар көп, бірақ оны халық игілігіне жұмыс істететін мамандар жоқ. Адамның жақсы өмір сүруі деп мен әлеуметтік қамсыздандырудың дұрыс жолға қойылуын айтар едім(Бірақ жеке өміріне қатысты емес, жалпылай). Менің жеке басым үшін алдымен, адамның рухани құндылықтары маңызды. Содан соң ғана барып материалдық байлық келеді. Егер осылар өмірімде өз орындарымен орындалып жатса, сол мен үшін жақсы жағдайдың нағыз өзі.
    Түсінбей қалдыңыз ба ;) ?

  4. Кемшілік қай елден де табылады. Аңсардың жоғарыдағы пікірімен келісемін. „Бастысы, адамның құндылықтары (Оны біз бен Жапондарды мысалға ала отырып дәлелдеуге болады.). Қазір адамның бойындағы ресурстар өте жоғары бағаланады“.
    Осыған басты мән беру керек тәрізді.

  5. JOgarydagy Afrika turali degende esime tusti.

    Byltyr bir Amerikalyk pen Kytaidyn daulasyp kaluynan:

    Kytai: -Bizdin elimiz keremet, Kompartiamyz keremet. Ekonomikamyz 10 paiyzben osip keledi.
    Amerikalyk:
    -Elin keremet bolsa ne halkyn Amerikaga agylady. Alyp ketshi! :)

  6. :D
    Менің ойымша жеке адамның басындағы құндылықтары өзінше бір бөлек әңгіме. Әрине оған міндетті түрде мән береді. Ешкім, бай елден келдің екен деп жалпаңдамайды, бірінші адам ретінде қарайды.

    Байлық деген не екенін сұрағаным жоқ Аңсар, сіз үшін жақсы жағдай не деп сұрадым: Адамның жақсы өмір сүруі деп мен әлеуметтік қамсыздандырудың дұрыс жолға қойылуын айтар едім дедіңіз. Әлеуметтік жағдайды қамсыздандыру, материалды мәселемен ұштасады. Рухани баю үшін де материалдық жағдай маңызды. Дамыған ел жапон мен бізді қай тұрғыдан салыстырдыңыз?
    Баха, менің айтпағым да сол ғой, кейбіреулер мақтанып көкірегін ұрады, кей сөздері ісіне қарама қайшы… Шетелдік студенттермен кездескенде осындай әңгімелер шығып қалады. ;)

  7. Жапондарды айтқаным, олар өздерінде жоқ нәрсені бар қылып отып. Албіз барды жоқ қылып отырмыз. Бұл ащы да болса шындық. Біздің бойымызда әлі де жетіспейтін ресурстар көп. Олар толықпай еліміз оң қадамдар жасай қоймайды. Жапондар осы мәселені осыдан 70-80 жыл бұрын көтеріп, қазірге деңгейге жетіп отыр.

  8. сұмдық пост екен :(

  9. Japondar bizden 70-80 jil alda ketip baratir da… yjassss. )))

  10. Жалпы елімізде істелетін жұмыстар әлі көп. Барлығы ақырындап келе жатыр ғой… Әр жыл сайын реформалар қабылданып, атқарылып келе жатыр.

  11. „…Яғни көлігімен суды әкеліп жергілікті жұртқа сатады-мыс. Ондай масқаралар да бар ғой!…“
    Сумен қамтамасыз ету кімнің мойнында еді, өзі? Ауыл әкимэриясының ба? Онда соларға қатысты айтармыз, бірақ, биік-биік, жалынды-жалынды ұранды сөздеріді былай ысырып қойып айтарым – ана машинамен су сататындарды түк те кінәламаймын. Әлде тегін әкеліп таратсын деп пе едіңдер?

  12. Бұл жерде су тасығандар кінәлі деп отырғам жоқ. Ұранды-жалынды сөз айтып біреуді кінәлаудан да аулақпын. Жалпы елдегі мүшкіл жағдайды атап өттім. Кімге қаратып айтылғанын түсінбесеңіз:
    Менің ойым, шетте жүріп осындай жағдайдың барын жоққа шығарып, көрсе де байқамағандай болып жүретіндерге қатысты айтылған және біздің ел тамаша деп бәрін жәйпап қойып, баяғы жартас, сол жартас боп билікте отырғандарға қатысты айтылған деп санаңыз… :roll:

  13. соңғы постты аса түсінбедім
    орыстың қыздарын мақтап жатқан кім сонда?? біздің жақтың орыстары ма??

  14. Иә, өзін өздері мақтамаса кім мақтайды. Мұндағы ресейлік қыздар ғой баяғы…

Eine Antwort schreiben