FSJ-freiwilliges soziales Jahr қазақша „ерікті социалды жыл“ боп аударылады. Бұл Германияда кеңінен таралған, 16-27 жас арасындағы қауымға арналған бағдарлама. Аты айтып тұрғандай, жастар мектептен кейін бір жыл „өз еркімен“ белгілі бір ұйымдарда қызмет етеді. Мысалы социалды жылды: емхана, балабақша, қарттар үйі, балалар үйі, мүгедектерге арналған ұйымдар, бала-мен анаға арналған курортта, жастар үйі сияқты мекемелерде өткізуге болады. Қай мекемеде жұмыс жасаса да, барлығының біркелкі алатын тиын-тебені де бар.
Ерікті экологиялық жыл, ерікті мәдени жыл дегендер де бар. „Мәдени жылды“ театр, радио сияқты мекемелерде, экологиялық жылды қоршаған ортаны қорғауға бағытталған институттарда, теңізді қорғау, био өсімдіктер, археология ұйымдары, тіптi Гринписте жұмыс атқаруға мүмкіндік туады. Жастардың алатын жалақысы өте төмен, жұмыс уақыты кәдімгі ұйымдағы әріптестерден кем емес. Жұмыс орнын Қызыл крест сияқты көптеген ұйымдар ұсынады. Бұл бағдарламаны шетелде де өткізсе болады.
Неліктен бірден оқуға түспей, бір жыл уақытын босқа өткізеді екен деген сұрақ туындайды. Осындай тәжірибелі жылдың маңыздылығын атап өтейін.
Мектепті бітіре сала әр абитуриент университетке іліне қоймайды. Кейбір факультетте студент таңдау ережелері қатаң. Ал басқа жоғарғы оқу орындары осындай бір жылды, іс жүзінде тәжірибелі түрде,өткізуіңізді талап етеді. Сондықтан да өмірбаяныңызда „Өз еркімен жұмыс істеді “ деген жазба еш артықшылық жасамайды.
FSJ болашақ мамандығыңызға қол жеткізудің шарасы ғана емес. Сол бір жылдың ішінде өзіңіз армандаған мамандықпен танысып, оқуға түскенге дейін ойланып, шешіміңізді бекітугe мүмкіндік ашады. Осы бір жылдың ішінде өзіңіз сияқты 40 шақты жастармен танысып, дос тауып, ой бөлісіп, біраз қызық уақыт өткізесіз. Бес рет семинарға қатысу міндет, яғни бір семинар бір апта, сол бір аптада әлгі әр ұйымда қызмет ететін жастар бас қосады. Семинарды арнайы 2-3 маман жүргізеді. Жұмыстағы табыстар мен қиыншылықтар айтылады, жастар ойын ойнап, би-билеп, өнер де көрсетіп бір аптадан кейін жұмысына қайтады.
Бір жыл босқа кетеді дейтіндер де бар, бірақ менің ойымша осы бір жылда ұтылғаннан гөрі ұтқаның көп. Жастар шынығады, жауапкершілікке үйренеді. Бұл бағдарламаны бастап, бір ай болар болмас шыдамай кетіп қалғандар да бар. Мамамды сағындым деп жылағандарды да көресің.
Жалпы Германияда істегің келсе, атқаратын ерікті жұмыс түрі көп. Ерікті от сөндірушілер, өз еркімен мүгедектерге көмек беретіндер, айта берсең барлық саладан табуға болады. Әрине бұл жұмыс аптасына 1-2 сағат, ақысыз. Қазақстанда осындай бағдарламаның жоқтығы өкінішті.. Жастарға бағдар беріп отырар еді..
Мен жаз сайын мүгедек кісілермен қала қыдырамын. Олар 1-2 аптаға демалысқа барады. Жанында көмекші болып барамын, ақысына басқа ел, басқа жер көріп келемін. Биыл Аллаһ бұйырса Канар аралдарына, Тенерифеге сапар шегуім мүмкін, жауап күтіп жүрмін!
Көктемде біздің университеттің тапсырысымен, жаңа бір жоба басталады. Бұл жоба Германияда тұратын „шетелдіктерге“ арналған. Яғни түрік, орыс сияқты қауымның балаларына бағытталған. Германияның білім жүйесі шетелден көшіп келгендер үшін күрделі, бөлшектелген, қаймағын сүзіп алатын рақымсыз жүйе. Бұл жөнінде келесіде баяндармын.. Осы сүзгіден сол түріктер, арабтар, орыстардың басымы өтпейді. Яғни сабақтары нашар, неміс тілі ақсаған басқа ұлт өкілдері. Көбісі мектепті бітіре алмайды, сыныпты бірнеше рет қайталауға мәжбүр. Тіл білмегендердің болашағы белгілі, жұмыссыздық, еш мансапқа ие бола алмайды. Ары кетсе дөнер сатып, такси айдайды..
Ұзын сөздің қысқасы: осы балаларға көмек керек. Ата-анасы немісше білмейді, туысқандары да, көршілерінің азы ғана немісше сөйлейді, сондықтан балаларға тіл ұйғару мүмкіндігі қалмайды. Университеттің мақсаты, осы балаларға „өкіл“ аға, „өкіл“ әпке тaуып беру, олар: ерікті студенттер, жоғарғы сынып оқушылары. Мен түрік отбасын таңдадым: өзім олардан түрікше үйренемін, балақайға немісшесін үйретіп, үй жұмысын жазуға көмектесемін. Проект жарты жыл созылады, жақсы нәтиже берсе, жалғастыратын болар.
Келесі аптада дайындық семинары. Онда біздің құқығымыз, міндеттеріміз, ережелер тб. жұмысқа қатысты нәрселер аталып өтеді. Семинар алты аптаға созылады.
Мен әлі қыз ба ұл ма хабарсызбын, бұйырса келесі аптада танысамын! Бір-түрлі боп жүмін
Abgelegt unter : Германия, Жәй ғана..., Саяхат
Өте қызық екен. Бұйртса, пахлаваға тоямын десеңші
Ол жақта қазақ отбасылары жоқ па екен, Түркиядан келген. Соларға сұрансаңшы. Неміс тілімен қатар қазақ тілін үйретер едің. Жай ұсынысым ғой. Не де болса хайырлысын көрерсің. Сонда сендерге отбасыны сол ұйымның өзі тауып бере ме?
Отбасыны университет тауып береді. Университет жергілікті бастауыш мектептермен байланыста. Мұғалімдер оқушылар арасынан неміс -тілі жетік емес балаларды таңдап береді. Отбасына жағдайды түсіндіріп, ұсыныс жасайды. Бұл екі жақтың келісімімен болады. Яғни oтбасының бағдарламаға қатысу-қатыспауы өз еркінде..
Бұл тек университеттің инициативасы емес, жалпы қала әкімшілігінің қолдауымен орын тапқан проект. Басқа ұлт өкілдерінің интеграциясы үлкен саяси проблема.
Канар… Тенерифе… Не деген әсем!!! Былайша қарасаң, қарттарын ержетіп, бойжеткен немістер беріп кетеді, оларға қамқор еш жан болмағасын зәру шығар қолғабыс адамға. Сенікі сауабы мол жұмыс екен, Сымбат. Қызмет дейді бұны…
Шынымен, қазақ отбасыларынан өтініш түспей ме екен… Сен өзің ерікті түрде сұрау көріп көрсең болмас па екен? Бәлкім шынымен бір қазақ отбасына қайыр-шапағатың тиіп қалар еді…
Сенің резюмең енді артықшылықты бір тармақшамен толығады екен ғой!!! Волонтер деген. Жұртқа жасаған жақсылық пен көрсеткен мейіріңнің бақытына кенеле бер, Сымбат! Еліңе жақсы, оқымысты, мейірбан қыз боп орал!
Канар, Тенерифеден оңды жауап алсам жақсы болар еді, болмаса екінші вариант Париж…
Негізі уақыт болса басқа елдерге де жолдама көп, олардың 2 аптаға созылатыны ұзақтау..
Сіздер қатырасыздар, олар мигранттарды немісше сөйлете алмай жүргенде, менің ұсынысмым олардың мақсатына қарама-қайшы келеді ғой.. Жалпы мұнда қазақтар бар, әйелі неміс, балаларына қазақша үйретуге құштарлық байқамадым..
Резюмемде 3 тармақша бар, оған тағы екеу қосылайын деп тұр ғой
Оххо! Тағы қандай тармақшалары анау? Айтса-а-ай
Сонда қалай, қазақтар негізінен Ганстың қызына үйленіп алған ба? Түркиядан мигрант боп келген қазақ отбасылары ше? Ондайлар бар шығар?
Қарттарға қарау арқылы әрі сауап жинап, әрі жасың барда ел кезіп, жер танимын десейші! Double bonus
Valkyrie degen kino kordik jakynda. Hitlerdi oltirmek bolgan Coloneldin is areketishigady eken. Tarihtan alyngan jane shyndykka ote jakyn kino deidi. Almandardyn bul kinoga kozkarasy kalai?
Нұрғиса мен қарттарға қараған емеспін, яғни қарттармен жұмыс жасамадым. Қала қыдырғаным барлығы жастар неігізі. Мен қарттармен жұмыс істеймін деп айтқан жоқ сияқты едім, оны қайдан шығарып алғаныңызды түсінбей отырмын..Жұмыс істейтін жерім де жастармен. Жастары 20-30 аралығында. Мүгедек кісілердің барлығы қарт емес, барлығы аяқ-қолы байланғандар емес. Сол жастарды қыдыртып, ел аралап. Бір ғана апашка бар, жасы 54те. Қазақстандық неміс, 18 жыл бұрын көшіп келген. Мен орысша білгендіктен ғана соған қосып берді. Үйіне барамын, орысша телевезір көремін, екеуіміз қазақшалап сүтпен шәй ішеміз..
Ал әлгі ағалар, олар ҚЗда жүріп ақ Ганстың қыздарына үйленгендер ғой.. Солармен бірге көшііп келгендер. Ондай тағы бір отбасы бар, онда керісінше қазақ тәте. Балалары да қазаққа ұқсайды.Түркиядан келген қазақтар үлкен қалаларда.
Баха, ол фильмді әлі көрмедім. Немістердің көзқарасын білмедім, мен танитындар Том Крузды ұнатпайды. Саентологияның мүшесі болғандықтан.. Бізде: немістер Гитлерді пір тұтады, жеңіс күні қаралы боп жүреді деген ой қалыптасқан, соған сенгісі келе ме, білмейм. Менен талай кісі сұрайтын осылай. Көңілдеріңізді қалдыруға мәжбүрмін, бұл тек кішкене пайыз неонацистерге қатысты болуы мүмкін, Гитлерді жақтайтын тек Неонацистер. Басқа жұрт оған қарсы.
керемт жазба екен. осылай неміс өмірінен сыр шертіп тұрсаңз. негізі инеттен көп нәрселер көргем осы жайында. сондай ойға қалатынмын. осы дамыған елдердің өмірі әйбат аха деп. бізді тіптен мүкіндігі барларға жағдай жасала бермейд. ал олар қоғамда өз орындары бар деп. Керемет прям
ал германияда тіптен көрмейсз бе абитурентке 1 жыл қосып берген. Қызыл крес, Корпус Мира, ООНның көмек ұшы т.б. біздерде жасайд екен. содан сұрақ сұрайд шет елге барып көмек бергім келед дейд да, содан әй көке, КЗжағдайын қарасай егер ерікті болғың келсе балалар үйне бар дейд. шын екен деп ойланып қалдым. біде де көп ұйымар ашылса, осыған байлансты. жауапкершілікті сезнетін.
Oni bilemin goi. Germaniya ukimeti osy kinony karjylandyrypty. Nemister Hitler emes dep. Jane bul kinonin en kop aksha tapkan jeri de Germaniya eken degesin suraganym goi.
2shi surak: Germaniyaga Nazarbayev bardy goi. KAzakstan jyly ashyldy dep jatyr. Bul nemis baspasozinde jazyldy ma? Kazakstandy jalpy jaza ma? Kalai karaidy?
Айко ҚЗда ол заңмен бекітілген бе? Мысалы Германияда белгілі бір күн санағынан асуға болмайды. Мысалы жылына 95 күн ғана (тек мысалы, анығын білмейм) ерікті жұмыс істуіңе болады..
Шынымды айтсам баспасөзден көргем жоқ. ҚЗ туралы не ойласын, қарапайым халық біле бермейді. Диктатура, парақорлық, тұрмысы нашар, сыбайластық-жемқорлық тб. басып алған ел екені мәлім ғой.
жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін.
біздің қазақтар Қазақстанда жүріп, неміс қыздарға үйленгендері шын ғой, сол жаққа кетіп қалу мақсатымен
Қазақстаннан қыз алған қазақ жігіттері де бар бар бізде.
Сымбат бізде заңмен бекітілмеген-ау шамасы. о жағын білмедім. бізде жас студенттер көп. детдомдарда қолын ұшын жыйып жүрген. Тіптен бізде жыл сайын өтетін аялы алақан деген атақта бар. меценаттар тағайындаған. ТВдан көп көрсетіп жатады. мына баланы қамқорлыққа алыңыз деп. Біздің халық енді енді ғана жан-жағына қарап жатқан сияқт…
Аңсар ешкім „ЖОҚ“ деген жоқ.
Айко бұл қуантарлық жағдай екен.
Сымбат көптен сөйлеспедік, жаңалықтың көккесі сенде екен ғой:))
аяғын жазбаптың ғой, сонымен не болды? ана балаң? қыз ба ұл ма??
Konil Ashar бұйырса 26.03 мектепте ата-аналары, баласы, біз қосылып шәй ішеміз, танысамыз
[...] шетелдіктерге арналған университет проектісі жөнінде жазған болатынмын. Бағдарлама 9-10 жас аралығындағы [...]