9. Мамыр. Жұма. Германия.

Бүгiн әдеттегiдей таңға тұрып, шәйiмдi iшiп, университетке беттедiм. Мамырдың жайма-шуақ күндерiнiң бiрi. Көшеде еш өзгерiссiз дағдылы көрiнiс. Жұма болғандықтан университетте тыныштық, студенттердiң көбiсi кiтапханаға жиналған. Емтихандар уақыты жақындап келедi. Сабақтан шығып е-майлiмдi тексердiм. Онлайнда тiрi жан жоқ. Түскi үзіліске кетсе керек дедiм де қойдым. Күнделiктi тiрлiктердi бiтiрiп үйге қайтым. Үйге келiп бiраз уақыттан [...]

Алматыдағы метро

Aлматыдағы метро биыл дайын болатын көрiнедi. Бұл метроны салу жұмысы 80 жылдардан басталған. Жұмысын тәмамдайтын уақыт та келдi-ау дейм Көшеге автoкөлiк сыймайтын болды
Метро iске қосылғанда төмендегi көрiнiске өз көзiңiзбен куә боларсыз

Суреттердi skyscrapercity.com сайтынан алдым
Ал жобасы осы жерде