Шарын шатқалында болдыңыз ба?


Алматыда біраз уақыт тұрсам да Шарын шатқалында болмаппын. Туған сіңлім тұрмыс құрып, тойға 8 наурыз қарсаңында жол тарттым. Алматының көктемін көрмегелі 3-4 жыл болыпты. Алманияның жаңбырлы көктеміне үйреніп қалғандықтан ба білмедім, басқаша әсерде болдым. Көшеге шықсам гүлі де гүлдеп, қызы да гүлдеп, бәрі құлпырып кетіпті. Күн жарқырап тұр. Көше толған жастар. Көбісі студенттер болса керек..
Той жақсы өтті. Мейрамды да өткізіп, тойды да өткізіп, туған күнді де өткізіп қайта ұшар уақытқа бір күн қалғaн. Алматыға келсем, Көңілашар Шарын шатқалына баруды ұйымдастырыпты. Керекинфо сайтынан танысқан қыздардың басы қосылып, жеті қыз болып жолға шықтық. Алматыдан шыққаннан жол бойы сапарсерігіміз жолаушыларға тарихтан мәлімет берді. Бір өкініштісі тек орыс тілінде баяндады. Мен Шарынды ары кетсе 1,5 сағаттық жер екен деп ойлап жүргем. Сөйтсем 3 сағаттан аса жүретін жер екен. Ертесі таңғы сағат 5:00 де әуежайға қарай шығу керек, автобус бұзылса ұшағымнан қалып қоям ба екен деген ойлар да мазалады. Бірақ шүкіршілік, аман-есен барып қайттық. Шатқалды әркім өз көзімен көрмесе, әсемдігін cөзбен де, суретпен де жеткізе алмаймын…..
Шарын шатқалы Шарын өзенінің жағалауында 154 километрдей жерге созылады. АҚШтың Аризонасындағы Гранд Каньонға ұқсайтын Шарын шатқалы еліміздің шығысында Қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Шатқал шамамен 12 млн. жылдар бұрын пайда болған, биіктігі 150-300 метр. Туристердің жиі баратын жері “´Долина замков” екен. (Орысша уикипедия) Шынында да шатқалдың бейнесі қатарынан тізілген қамалдарға ұқсайды. Қолда барда алтынның қадірі жоқ деп, баяғыдан бері қайда жүргем деген ойда қалдым… Туған жердің табиғаты алуан түрлі әр-қилы, сұлу. Сіздер де уақыт болғанда барып қайтыңыздар, өкінбейсіздер! Таза ауа жұтып, қаланың әбігерге тола дағдылы күндерінен демалуға септігі тиеді. Жеңіл көлікпен барған тіптен ыңғайлы, самаурынға шай қойып, қуырдақ не шашлық жасап, тапшан астында тамақтануға болады. Көңілашар шақырмағанда әлі күніге дейін мұндай сұлулықтан хабарсыз жүре берер ме едім
Сондықтан осы экскурсияны мүмкін еткен Көңілашарға үлкен рахмет!
Келесі кездескенше….
As bolsyn
keleside Turgenge baraiyq:))
Қыздар бөлек мафиясындар йә..Жігіттерден күдер үзген шығарсыңдар, шақырмағандарыңа қарағанда..:)))
О жағын білмедім… Шақыру жағын ұйымдастырған жоқпын. Бұл біздің екінші жолы кезігуіміз
Мүмкін келесі жылы сәті түсер 
Құдай қаласа..Ол кезде де биылғыдай технично өздерің кездесіп алмасаңдар тағы..:))
Вааще…как так можно..:))
avtobus buzilip jolda turip kalmagan jaksi bolgan. bir retinde ariptestermen barip kaytar jolda avtobus buzilip tunnin bir uakitisinda gana almatyga jete aldik. Endi bir retinde dos kizdarmen (25 shakti adambiz ol kezde) jaldagan avtobusimizdin shopiri jol bilmey adasip aren jetken bolatinbiz. sharin dese osi eki okiga esime tusedi. a-a, nazimmen kolsaydan kaytip bara jatkanda avtobustin dongelegi jarilip panika bolgan kezimiz de bar. kulkili. soni aytamin da, ama esen jetkenin jaksi boldi.
jeke kolikpen barganda jaksi desin, negizi ol jakka jeke kolikpen baru kiyindau. oytkeni jol nashar.
Эльвира, онда менiн багым бар екен
қатырған екен шопыр Көлсайдың жолын білмей адасса бір сәрі шарынға адасқанына жол болсын:))
иә әйтеуір аман есен барып қайттық.