Париждегi пікірталас

Дос қызыммен жақында Францияда болып қайттық. Парижге бару тiптен ойымызда болмаған едi. 2-3 күннiң iшiнде шешiм қабылдап сапарға шығып кеттiк. Сессия аяқталып, демалысқа шығып, бос уақыттың табылуы, бiр-бiрiмiздi ұзақ уақыт көрмеуiмiз де, жол-ақының арзан болуы да сапарға шығyымызға себеп болды. Әйтпесе екеуiмiз де Европаға келе сала бiрiншi Парижге барғанбыз.
Бул жолы Paris Beauvais әуежайынан түсiп, қаланың орталығына дейiн автобуспен 1 сағатқа тәмaм уақыт жүрдiк. Бiраз уақыт түнгi Париждi аралап, шаршағандықтан қонақ үйге беттедiк. Мейманхана қызметшiсi паспортымды оқи сала сiрә бiр ескi досын көргендей жүзi күлiмдеп кетiптi. Қазақстан! Қазақстан! Боратты танисыңдар ма?…..
Таң ата қалаға беттедiк. Қaлада өзiмiз сияқты туристер көп, мульти-культи қоғам. Әлемнiң барлық ұлты осында келiп жиналғандай. Түскi ас iшуге бiр кафеге кiре салдык. Бәленiң барi осында басталды. Мен сыртқа шығып келгенiмше дос қызым кофеге тапсырыс берiп койыпты. Даяшы қыз кофенi алып келiп, менен де қалағанымды сұрап жатыр. Бар французшаммен жауап қатып жатырмын. Қанша ағылшынша сөйлесең де французша жауап қататынына қайран қалып мен: француздардын өз тiлiне адалдығы қатты ұнайды дедiм. Дос қызым сұрланып кетiптi: олар кiм екен соншама әлем тiлi ағылшын тiлiне бағынбайтын деп баж ете қалды. Мен де қайтпай: Неге бағынуға мiндет? Француздар өз тiлiн ешқаншан басқа тiлмен лайламайды, бүкiл алем қабылдаған компютер ұғымын олар компютер деп атамайды. Париж туристер қаласы, олар ағылшын тiлiн бiлуi мiндет дейдi досым. Ағылшынша сөйлемесе де туристер толып жур дейм мен, ағылшын тiлiн туристер үшiн өз тiлiнен жоғары қойса, Парижде барлығы ағылшынша былдырлап жүретiн едi ғой. Бiз Лондонға келген жоқпыз, француздар сенiң емес, осында келген сон сен олардың тiлiн, тарихын т.б бiлiп, дайындалып келуiң керек дедiм. Досым да қайтпайды, француздаp өзiн басқадан артық санайды деп. Әлемде қаншама жүздеген тiлдер осы ағылшын сияқты тiлдердiң арқасында жойылып кетiп жатыр, ертен сенiң ана-тiлiңнiн де кезегi келедi дейм. (Оның ана-тiлi ноғай тiлi) Осы сөзiм досыма қатты тидi ғой дейм, сөйлемей қойды :( Сөйтiп екеуiмiз талай жерге барып қайттық. Бар болғаны кофесiне сүт қатыңыз дегендi даяшы түсiнбесе керек :) Содан екен француздарды жақтырмай отырғаны. Кафеден екеуiмiз де бұртиып шықтық :) Бiр қызығы ағылшынға қарағанда немiс тiлiнде жауап берген француздар басым болды. Сонда да барлығы өз тiлiнде жауап бергендi жөн көретiндей көрiндi. Cөйтiп, ана тiлiн құрметтесең француздаршa құрметте деген ойда қалдым! :)
ПыСы: Дос қызыммен қайтадан татуласып кеттiк

14 Antworten

  1. Эвлив башняның асты жагы тас па? охо мынау мени катты таңғалдырды. Осыдан 10 жылдай бұрын мектептегі досқысым Парижден түскен суреттерін көрсетіп еді. Онда мұнараның астын көкбеңбек етіп көрсеткен. Яғни көк жасыл. адамдар демалып жатыр дегендей. А мына жерде ТАС, және ЖОЛ

  2. Айко жасыл жағынан да бiр сурет қыстырып қойдым :)

  3. жақсы саяхат болған екен

  4. Сымбат, жеке блогыңды ашып алып неге үндемей жүрсің..:))) Ай ай ай…іске сәт..Еуропадағы көрген белгендеріңмен бөлісе отыр..біз үшін қызық болады..

  5. Керемет! Ой да жоқ та тап болдым, блогыңызға, Ұнады. Құрбыңызға бізден дұғай сәлем! Парижде жақсы демалған екенсіздер. Блогыңызға өз блогымнан сілтеме көрсетіп қояын, қарсы болмасаңыз :)

  6. Неге қарсы болайын :) … Осы блогтын кiлтсөзiн ұмытып қалып, бiраз кiрмей жүрдiм. Жалпы кiлтсөз дегендi ұмыта бередi екенмiн… :oops: Құнттамай жүр едiм… Ендiгәрi жиiрек жазып тұруға тырысамын… :)

  7. Керемет суреттер!!! Парижді көруге армандаушылардың бірімін. Еуропа өмірінен көптеп мақала жазып тұрыңыз… Мәз болып отырайық… :-)

  8. Simona, nagyz blogger bola alady!

  9. Mәә Баха, адамды өстiп ұялдыртпашы :oops:

  10. аха Бқытнұр дұрыс айтады, „жынды“ жазып қояды екенсің. Мен жұмыстағы жынды қазақша сөйлеймін деген адамның бірімін. ито сен сияқты жаза алмаймын-ау… :(

  11. Блогыңды бүгін ғана көріп отырмын. Бұған дейін көрмеппін. Саяхатың жайлы кермет жазыпсың. Сені де өз блогыма тіркеп қоямын.

  12. Сәлем, Симона!
    Блогыңды бүгін көріп отырмын, ұзағынан сүйіндірсін! Құрбыңның ағылшын тілі үшін шат шәлекейі шыққанына таңым бар. Ноғай тілін жақсы біле ме екен?
    пысы: Сымбат сен өзің неше тіл білесің а?

  13. klassikalik comment bolar. birak men de bugin gana kezdeysok taptim bloginizdi. az jazganimen kizik jazasiz. rahmet. aldindagi postta baysheshekter de ademi, osi posttagi birinshio suret te ademi. dos kizinizben tatulaskaniniz jaksi boldi, sogan kuandim (hehe), al negizi argumentteriniz jaksi eken. estuimshe ispandiktar da fransuzdar siyakti tek oz tilderinde jauap kaytaradi, agilshin men baska tilderdi bilse dagi. aliska barmay ak mina kasimizdagi ozbekter de sonday. birak songilarindiki kishkene agressive.

  14. парижге емес, пағижге, тілдер дискуссиясына барыпсыздар ғой(жымиып отқан смайлик)

Eine Antwort schreiben