Symbat

Symbatty

Жалғасы…

Жаттығу жота бұлшық еті мен іш бұлшық етін қатайтады. Төрт аяқтап (тізерлеп) тұрыңыз. Омыртқа жотаңызды созыңыз. Ішіңізді қатайтып ұстаңыз.

Мысықтың бүрсиюін көзіңізге елестетіңіз. Жотаңызды бірде жоғары, бірде төмен түсіріңіз. Омыртқанызды жоғары көтергенде дем алып, төмен жібергенде деміңізді шығарыңыз.

Жаттығу дене сымбатыңызды жақсартады, жотаңызды және аяқтың артқы бетін қатайтады. Тік тұрып, денеңізді бос ұстаңыз. Төмен иілер алдында басыңызды жоғары созыңыз. Содан соң асықпай басыңызбен төмен қарата сырғанақ қимылмен құлдыраңыз…

…қолыңыз мүмкіндігінше жерге тигенше төмен құлдыраңыз

Аяқ-қол, желке және иықтарыңыз жаттығу барысында босаңқы. Бір қалыпты дем алыңыз, дем шығара, асықпай бастапқы жайғасымға жоғары көтеріліңіз.

Малдас құрып отырыңыз. Омыртқаңызды түзу , иықтарыңызды бос ұстаңыз. Қолыңыз екі жақта. Саусақтарыңыз жерге тиіп тұр. Оң қолыңызбен сол жағыңызға және керісінше ауыңыз.

Кеудеңізді керіп дем алыңыз, дем шығарарда жауырыныңызды төмен тартыңыз. Оң қолыңызды жоғары көтеріп, қайта дем алыңыз. Оң қолыңызды сол жаққа төмен қолтық арасына тартыңыз . Келесіде сол қолыңыз кезекте. Жаттығуды үш жол қайталаңыз.

Созылып біткен соң бастапқы жайғасымға келіп тоқтаңыз. Бір қалыпты дем алуды ұмытпаңыз!

Қараша 12, 2007 - Жазған Сымбат | Pilates | | 1 Пікір

1 Пікір »

  1. Пилатестің йогаға ұқсастығы да бар екен. :) Онда да терең демалу керек жаттығу барысында.
    Кейде құлшынып жаттығуларын күнде орындап жүрем де, кейде, салғырттанып, мүлдем тастап кетемін. Ал жаз болса келе жатыр дегендей:)). Болды, ертеңнен бастаймын!

    Пікір жазған karakyz | Сәуір 23, 2008

Пікір жазыңыз